"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2026 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына шаққанда пайыздық қатынаста мынадай:
1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша 0,25 % мөлшерінде;
2) еңбекші көшіп келушілерді тартуға 2,9% мөлшерінде белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын орындағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы |
А. Ертаев |
