БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32924 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби мерекелердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы |
А. Ертаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығымен бекітілген |
Кәсіби мерекелердің тізбесі
1. | Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні | – 10 қаңтар |
2. | Қаржылық мониторинг органдары күні | – 28 қаңтар |
3. | Қазақстан Республикасының азаматтық авиация жұмыскерлері күні | – 1 ақпан |
4. | Жерге орналастыру, геодезия және картография күні | – наурыздың екінші сенбісі |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер күні | – 7 сәуір |
6. | Геолог күні | – сәуірдің бірінші жексенбісі |
7. | Ғылым жұмыскерлері күні | – 12 сәуір |
8. | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының жұмыскерлері күні | – 16 сәуір |
9. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні | – 21 сәуір |
10. | Байланыс жұмыскерлері күні | – 17 мамыр |
11. | Метрология жұмыскерлері күні | – 20 мамыр |
12. | Мәдениет және өнер жұмыскерлері күні | – 21 мамыр |
13. | Химия өнеркәсібі жұмыскерлері күні | – мамырдың соңғы жексенбісі |
14. | Эколог күні | – 5 маусым |
15. | Монополияға қарсы орган жұмыскерлерінің күні | – 7 маусым |
16. | Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні | – 9 маусым |
17. | Жеңіл өнеркәсіп жұмыскерлері күні | – маусымның екінші жексенбісі |
18. | Малшылар күні | – маусымның екінші жексенбісі |
19. | Медицина жұмыскері күні | – маусымның үшінші жексенбісі |
20. | Полиция күні | – 23 маусым |
21. | Мемлекеттік қызметші күні | – 23 маусым |
22. | Судья және сот жұмыскері күні | – 24 маусым |
23. | Бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлері күні | – 28 маусым |
24. | Дипломатиялық қызмет күні | – 2 шілде |
25. | Қазақстанның қолөнершілер күні | – 7 шілде |
26. | Су шаруашылығы жұмыскерлері күні | – 9 шілде |
27. | Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні | – 9 шілде |
28. | Ветеринариялық жұмыскер күні | – 10 шілде |
29. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні | – 13 шілде |
30. | Нотариат күні | – 14 шілде |
31. | Теңіз және өзен көлігі жұмыскерлерінің күні | – шілденің бірінші жексенбісі |
32. | Балық шаруашылығы жұмыскерлері күні | – шілденің екінші жексенбісі |
33. | Металлург күні | – шілденің үшінші жексенбісі |
34. | Сауда жұмыскерлері күні | – шілденің төртінші жексенбісі |
35. | Теміржол көлігі жұмыскерлері күні | – тамыздың бірінші жексенбісі |
36. | Құрылысшы күні | – тамыздың екінші жексенбісі |
37. | Шекарашылар күні | – 18 тамыз |
38. | Шахтер күні | – тамыздың соңғы жексенбісі |
39. | Аңшылық шаруашылығы жұмыскерінің күні | – қыркүйектің бірінші сенбісі |
40. | Мұнай-газ кешені жұмыскерлері күні | – қыркүйектің бірінші жексенбісі |
41. | Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы жұмыскерлері күні | – қыркүйектің екінші жексенбісі |
42. | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні | –15 қыркүйек |
43. | Атом саласы жұмыскерлері күні | – 28 қыркүйек |
44. | Әділет органдары қызметкерлері күні | – 30 қыркүйек |
45. | Машина жасаушы күні | – қыркүйектің соңғы жексенбісі |
46. | Қазақстан Республикасының Жоғары білім жұмыскерлері күні | – 1 қазан |
47. | Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жұмыскерлері күні | – 2 қазан |
48. | Мұғалім күні | – 5 қазан |
49. | Қорғаныс өнеркәсібі жұмыскерлері күні | – 6 қазан |
50. | Қазақстан кәсіптік одақтарының күні | – 10 қазан |
51. | Стандарттау жұмыскерлерінің күні | – 14 қазан |
52. | Құтқарушы күні | – 19 қазан |
53. | Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні | – 20 қазан |
54. | Орман шаруашылығы жұмыскері күні | – қазанның үшінші жексенбісі |
55. | Кітапханашы күні | – 24 қазан |
56. |
Әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыскерлері | – қазанның соңғы жексенбісі |
57. | Автомобиль көлігі жұмыскерлері күні | – қазан айының соңғы жексенбісі |
58. | Автожол саласы жұмыскерлерінің күні | – қазан айының соңғы жексенбісі |
59. | Күзет ұйымдарының жұмыскерлері күні | – 29 қазан |
60. | Қазақстанның кәсіпкерлері күні | – 29 қазан |
61. | Сыртқы барлау күні | – 5 қараша |
62. | Статистика күні | – 8 қараша |
63. | Цифрландыру және ақпараттық технологиялар жұмыскерлері күні | – 10 қараша |
64. | Бухгалтерлік есеп және аудит саласы жұмыскерлері күні | – 10 қараша |
65. | Қазақстан Республикасының қаржы саласы жұмыскерлерінің күні | – 15 қараша |
66. | Бұрғылаушы күні | – қарашаның үшінші сенбісі |
67. | Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі жұмыскерлері күні | – қарашаның үшінші жексенбісі |
68. | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні | – 18 қараша |
69. | Адвокатура күні | – 5 желтоқсан |
70. | Прокуратура күні | – 6 желтоқсан |
71. | Қылмыстық-атқару жүйесі жұмыскерлері күні | – 13 желтоқсан |
72. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні | – 20 желтоқсан |
73. | Энергетик күні | – 22 желтоқсан |
74. | Архивші күні | – 22 желтоқсан |