Абай облысы Мақаншы ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 104 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Ресаубликасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Мақаншы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысы Мақаншы ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Р. Абдрахмановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылсын.

      Мақаншы ауданының әкімі Д. Койгельдин

 

      КЕЛІСІЛДІ:
Мақаншы ауданы мәслихатының
төрағасы Б. Биболов

  Мақаншы ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "22" қыркүйек
№_104_қаулысына
қосымша

Абай облысы Мақаншы ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы, директоры мен орынбасары;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) арнаулы әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      4) психолог;

      5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      6) қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      7) психоневрологиялық аурулары бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      8) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2. Мәдениет cаласы мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапханасының меңгерушісі (басшысы);

      4) мекеме меңгерушілері;

      5) барлық атаудағы әртістер;

      6) кітапханашы;

      7) дирижер;

      8) әдіскер;

      9) музыка жетекшісі;

      10) режиссер;

      11) барлық атаулардағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      12) ұжым (үйірме)басшысы;

      13) хореограф;

      14) статист;

      15) дизайнер;

      16) барлық атаудағы менеджер;

      17) жарық аппаратурасының операторы;

      18) дыбыс және бейнежазба операторы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады