Көкжайық ауылдық округінің Қарамойыл және Ақ-ой ауылдарының көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Абай облысы Көкпекті ауданы Көкжайық ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына ,Қазақстан Республикасының "Әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы",2015 жылғы 12 кыркүйектегі Абай облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы және Қарамойыл,Ақ-ой ауылдарының тұрғындарының пікірін ескере отырып,ШЕШТІ:

      1. Көкжайық ауылдық округіне қарасты Қарамойыл және Ақ-ой ауылдарының көшелерінің атауы өзгертілсін:

      Қарамойыл ауылындағы:

      №1 көшесі "Тәуелсіздік"көшесіне;

      №2 көшесі "Көктал" көшесіне;

      №3 көшесі "Ертіс" көшесіне;

      №4 көшесі "Бейбітшілік" көшесіне;

      №5 көшесі "Шаңырақ" көшесіне

      Ақ-ой ауылындағы :

      №1 көшесі "Жармұхамбет Бекшоинов" көшесіне;

      №2 көшесі "Үйсенғазы Баймадиев" көшесіне;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі К. Тураров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады