Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабына 2-тармағына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысы Үржар ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 504 "Үржар ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысы күші жойылды деп танылсын.
3. "Абай облысы Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды;
2) Осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Үржар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Үржар ауданы әкімінің м.а. | А. Турлыбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
"Абай облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары 21.11.2025 жылғы
басқармасының" ММ № 625 хатымен
| Үржар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "25" желтоқсан № 435 қаулысына қосымша |
Абай облысы Үржар ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
км-километр
а.-ауыл
к.-кент
ст.-станциясы
