Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2–тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Абай облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 4 шілдедегі қорытындысы негізінде және Шалабай ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Жарма ауданы Шалабай ауылының "Береговая" көшесі "Ардагер" көшесі болып қайта аталсын:
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Ж. Есембаева |