Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" №148 Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Абай облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі қортындысына және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:
1. Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылындағы атауы жоқ көшелеріне - "Хамет Доянбаев", "Байғали Бұтабаев", "Жүнісбек Сүлейменов" атаулары берілсін.
2. "Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ақсуат ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақсуат ауылдық округінің әкімі | Т. Рахымжанов |
