Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/200-VIII "Семей қаласының коммуналдық қалдықтарын басқарудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Семей қаласының коммуналдық қалдықтарын басқарудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Семей қаласын дамытудың жалпы мәліметтері мен стратегиялық жоспарлары" деген 1-тарауда "Семей қалалық әкімшілігінің құрамына кіретін ауылдық округтер" деген кесте алынып тасталсын.
2-тарауда Семей қаласының коммуналдық қалдықтарын басқарудың қолданыстағы жүйесін талдау Соңғы 5 жылдағы негізгі көрсеткіштердің динамикасы" деген 2.2 - тармақта.:
"2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 21/154-VII" деген сөздер мен сандар "2024 жылғы 20 қарашадағы № 34/181-VIII" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
"Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары" деген кестеде:
14 - тармақтағы "0,89" саны "1,06" санымен ауыстырылсын;
15 - тармақтағы "2,61" саны "1,96" санымен ауыстырылсын;
"2022 жылғы 29 шілдедегі № 27/215-VII" деген сөздер мен сандар "2024 жылғы 20 қарашадағы № 34/182-VIII" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Семей қаласы мәслихатының төрағасы | Е. Сагандыков |
