Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 460 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 4- тармақтан караңыз.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 914 – 1 бабының 3 – тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 37 – бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

      2. "Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Ә. Әбілдаевқа жүктелсін. 

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға  жатады.

      Қала әкімінің м. а. Б. Бапышев

  Қала әкімдігінің
2025 жылғы " 28 " мамырдағы
№ 460 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдар
 

1.

Аумақты жинайтын жұмысшы

"Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ ШЖҚ "Теплокоммунэнерго" МКК
 

2.

Аумақты жинайтын жұмысшы

"Семей Тазалық" ЖШС
 

3.

Аумақты жинайтын жұмысшы

"Зеленстрой Семей" ЖШС
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады