"Абай облысы бойынша меншікке немесе жер пайдалануға берілетін аталған жерлерді пайдаланудың жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 82 бірлескен қаулысы және Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/13-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 маусымдағы № 98 бірлескен қаулысы және Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 28/190-VIII шешімі

      Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Абай облысы бойынша меншікке немесе жер пайдалануға берілетін аталған жерлерді пайдаланудың жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 82 бірлескен қаулысы және Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/13-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 55-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген Абай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысына және Абай облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      осы бірлескен қаулы және шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысының әкімі Б. Уәли
      Абай облысы мәслихатының төрағасы Ш. Байбеков

  Абай облысы әкімдігінің
2025 жылғы "25" маусымдағы
№ 98 бірлескен қаулысы және
Абай облысы мәслихатының
2025 жылғы "25" маусымдағы
№ 28/190-VIII шешіміне
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы 21 сәуірдегі № 82
бірлескен қаулысымен және
Абай облысы мәслихатының
2023 жылғы 20 сәуірдегі
№ 2/13VIII шешімімен
бекітілген

Абай облысы бойынша меншікке немесе жер пайдалануға берілетін аталған жерлерді пайдаланудың жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері

Р/с №

Аудандар атауы

меншікке немесе жер пайдалануға берілетін аталған жерлерді пайдаланудың жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері (гектар)

фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына

ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға және олардың үлестес тұлғаларына

барлығы

оның iшiнде суармалы

барлығы

оның iшiнде суармалы

1

2

3

4

5

6

1.

Абай ауданы

4,0

2

4,0

2

2.

Ақсуат ауданы

6,3

2

6,3

2

3.

Аягөз ауданы

9

2

9

2

4.

Бесқарағай ауданы

1,5

1,5

1,5

1,5

5.

Бородулиха ауданы

1,4

1,4

1,4

1,4

6.

Жаңасемей ауданы

7

2

7

2

7.

Жарма ауданы

8,8

2

8,8

2

8.

Көкпекті ауданы

2,5

2

2,5

2

9.

Мақаншы ауданы

8,2

2

8,2

2

10.

Үржар ауданы

8,2

2

8,2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады