Қосалқы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу мақсатында өткізетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 301 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 16-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қосалқы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу мақсатында өткізетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

  бұйрығына 1-қосымша

Қосалқы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өз мүшелеріне өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу мақсатында орындайтын жұмыстарының және (немесе) көрсетілетін қызметтерінің тізбесі

Атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші коды

1.

Жануарларға арналған дайын азықтарды өндіру

10.9

2.

Ағаш ыдыстарды өндіру

16.24

3.

Бүрмеленген қатырма қағаз, қағаз және қатырма қағаздан қапқорап өндіру

17.21

4.

Қағаз және қатырма қағаздан басқа да бұйымдар өндіру

17.29

5.

Тыңайтқыштар және құрамында азот болатын қоспалар өндіру

20.15

6.

Пестицидтер мен басқа агрохимиялық өнімдерді өндіру

20.20

7.

Тауарларға арналған пластик ораулар өндіру

22.22

8.

Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндіру

25.92

9.

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу

33.12

10.

Электрлі жабдықтарды жөндеу

33.14

11.

Өзге де жабдықтарды жөндеу

33.19

12.

Өнеркәсіптік техника мен жабдықты монтаждау

33.20

13.

Суды жинау, өңдеу және бөлу

36.0

14.

Кәріз жүйесі

37.0

15.

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

38.11

16.

Қауіпті қалдықтарды жинау

38.12

17.

Қалдықтарды өңдеу және жою

38.2

18.

Қалдықтарды қайта қалпына келтіру және жою саласындағы өзге де қызметтер

39

19.

1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттардың құрылысы

41.20.2

20.

Су имараттарының құрылысы

42.91

21.

Құрылыс алаңындағы дайындық жұмыстары

43.12

22.

Электротехникалық, слесарлық және өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары

43.2

23.

Әрлеу жұмыстары

43.3

24.

Өзге де мамандандырылған құрылыс жұмыстары

43.9

25.

Көлік құралдарына техникалық қызметтер көрсету және оларды жөндеу

45.2

26.

Ауыл шаруашылығы шикізатын, тірі мал, тоқыма шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сату жөніндегі агенттердің қызметі

46.11

27.

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау

49.41

28.

Жүктерді қоймаға қою және сақтау

52.10

29.

Тасымалдау кезіндегі қосалқы қызмет түрлері

52.2

30.

Ақпараттық қызметтердің жұмысы

63

31.

Техникалық сынақтар мен талдаулар

71.20

32.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама беру

73.12

33.

Ветеринарлық қызмет

75

34.

Жүк көліктерін жалға алу және жалға беру

77.12

35.

Ауылшаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалға алу және жалға беру

77.31

36.

Азаматтық объектілердің құрылысына арналған құрылыс техникасы мен жабдықтарды жалға алу және жалға беру

77.32

37.

Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері

85.59.9

38.

Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу

95.11

39.

Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу

95.12

  бұйрығына 2-қосымша

Өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесі

Атауы

Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жіктеуші коды

1.

Маусымдық дақылдар

01.1

2.

Көп жылғы дақылдар

01.2

3.

Өсімдікті материалдар; тірі өсімдіктер; баданалар, түйіндер мен тамырлар; сұлама бұтақтар және қалемшелер; саңырауқұлақты жерлер

01.3

4.

Тірі малдар және мал шаруашылығы өнімдері

01.4

5.

Балық және басқа да балық аулау өнімдері; аквашаруашылық;

03.0

6.

Тас, құм және саз

08.1

7.

Малға арналған дайын азық

10.9

8.

Ағаш ыдыс

16.24

9.

Қағазды және қатырма қағазды ыдыс

17.12.3

10.

Моторлық отын (жанармай, соның ішінде авиациялық)

19.20.21

11.

Газойли (дизель отыны)

19.20.26

12.

Тыңайтқыштар мен азотты қосылыстар

20.15

13.

Пестицидтер және өзге де агрохимиялық өнімдер

20.2

14.

Желімдер

20.52

15.

Майлайтын материалдар; жапсырмалар; антифриздар

20.59.4

16.

Резеңке бұйымдар

22.1

17.

Пластмассадан жасалған бұйымдар

22.2

18.

Плиткалар және қыштан жасалған плиткалар

23.31.1

19.

Қышты құрылыс кірпіштер, еденге арналған блоктар, салмақ түсетін блоктар немесе толтырылатын блоктар және отқа төзімсіз қышқа аналогты бұйымдар

23.32.11

20.

Цемент, әк және ғаныш

23.5

21.

Бетоннан, ғаныштан және цементтен жасалған бұйымдар

23.6

22.

Түрлі диаметрлі құбырлар, болаттан жасалған түрлі диаметрлі құбырларға арналған қуыс профильдер мен фитингтер

24.2

23.

Металл конструкциялар

25.1

24.

Металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер

25.2

25.

Электр қозғалтқыштар, генераторлар, трансформаторлар және электр таратушы және реттеуші аппаратура

27.1

26.

Аккумуляторлар мен батареялар

27.2

27.

Оқшауланған сымдар мен кабелдер

27.3

28.

Электр жарықтандыру жабдықтары

27.4

29.

Өзге де электр жабдықтары

27.9

30.

Жалпы мақсаттағы машиналар

28.1

31.

Өзге де жалпы мақсатқа арналған жабдықтар

28.2

32.

Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар

28.3

33.

Тамақ өнімдерін, сусындарды өңдеуге арналған жабдық

28.93

34.

Автомобильдер

29.1

35.

Автомобиль шанақтары; тіркемелер және жартылай тіркемелер

29.2

36.

Автомобильдердің бөліктері мен керек-жарақтары

29.3

37.

Аэростаттар (ауа шарлары, дирижабльдер; планерлер, дельтапландар және басқа да моторсыз ұшу аппараттары)

30.30.20

38.

Ұшақтар және бос салмағы 2000 килограмм артық емес өзге де ұшу аппараттары

30.30.32

39.

Ұшақтар және бос салмағы 2000 килограмм болатын, бірақ 15000 килограмм жоғары емес өзге де ұшу аппараттары

30.30.33

40.

Кәсіпшілік кемелер және өзге де мамандандырылған кемелер

30.11.3

41.

Табиғи су

36.00.1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады