"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балық аулау объектілері болып табылатын балықтардың және басқа да су жануарларының құнды түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Сапаров |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 281 бұйрығымен бекітілген |
Балық аулау объектілері болып табылатын балықтардың және басқа да су жануарларының құнды түрлерінің тізбесі
Р/с |
|
1 | Қортпа |
2 | Орыс бекiресi |
3 | Шоқыр |
4 | Пiлмай (Арал және Іле популяциясынан басқасы) |
5 | Сүйрiк |
6 | Бадырақкөздi шерміш |
7 | Каспий теңіз майшабағы, бражников майшабағы |
8 | Каспий өтпелі майшабағы, қара жон |
9 | Жұмырбасты қарынсау |
10 | Майқап |
11 | Көкшұбар |
12 | Парсы бекіресі |
13 | Пайдабалық |
14 | Бадырақкөздi тюлька |
15 | Каспий шерміші |
16 | Сiбiр қадырғысы |
17 | Тікен, сингиль |
18 | Шортан |
19 | Торта |
20 | Тұрпан |
21 | Аққайран |
22 | Ақ амур |
23 | Ақмарқа |
24 | Қызыл қанат |
25 | Балпанбалық |
26 | Қырлықұрсақ |
27 | Оңғақ |
28 | Едiл қызылкөзi |
29 | Кәдiмгi шармай |
30 | Қабыршақсыз көкбас |
31 | Майбалық |
32 | Табан |
33 | Қылышбалық |
34 | Алтын түсті мөңке |
35 | Сазан (тұқы) |
36 | Ақ дөңмаңдай |
37 | Шұбар дөңмаңдай |
38 | Кәдімгі жайын |
39 | Нәлiм |
40 | Қабыршақты көкбас |
41 | Балқаш алабұғасы (Балқаш-Іле популяциясынан басқа) |
42 | Кәдімгі көксерке |
43 | Берш |
44 | Атлант майшабағы |
45 | Үлкенауызды буффало |
46 | Түйетабан |
47 | Ұзынсаусақты шаян (түркістандық кіші түрінен басқасы) |
48 | Анчоустектес тюлька (майшабақ) |
49 | Қара теңіз каспий тюлькасы |
50 | Құбылмалы бахтах (микижа) |
51 | Айнакөз |
52 | Көктыран |
53 | Өзен алабұғасы |
54 | Марқакөл майқабы |
55 | Теңіз көксеркесі |
56 | Кәдімгі ақсаха |
57 | Сүйіртұмсықты тікен |
58 | Қаракөз |
59 | Балқаш шармайы |
60 | Күміс түстес мөңке |
61 | Тұрпа |
62 | Кәдімгі таутан |
63 | Артемия жұмыртқалары (циста) |
64 | Гаммарус |
65 | Сүліктер |
66 | Дафния |
67 | Күтім |