"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 1633 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 3 қарашадағы № 5973 қаулысы

      Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 1633 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2025 жылғы " "_______________
№ қаулысына
қосымша

"Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тауке хан даңғылы 6, индексі 160011.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Шымкент қаласы аумағында энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      Құқықтары мен міндеттері:

      1) Шымкент қаласының барлық мемлекеттік органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      2) басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу;

      3) басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      4) әкімшілік, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      5) Шымкент қаласының әкіміне Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;

      6) белгіленген тәртіпте Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізу;

      7) энергетика, коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат шараларын іске асыру үшін Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарын және басқа да кеңесші органдар құруға бастама көтеру;

      8) басқармаға бөлінген қаражат шегінде белгіленген тәртіпте Басқарманың құзыретіне жататын мәселелерді дайындау үшін ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тарту;

      9) электр энергетикасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, газбен жабдықтау, коммуналдық шаруашылық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау өндірісін жүзеге асыру;

      10) техникалық қондырғыларда өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергетика, коммуналдық шаруашылық, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға, заңнамаға сәйкес келмейтін материалдар мен бұйымдарды, конструкцияларды, жабдықтарды қолдануға тыйым салу;

      11) энергияны үнемдеу, энергетикалық салаға және коммуналдық шаруашылыққа қызмет көрсету, коммуналдық қызметтерді жеткізу бойынша жұмысты жақсарту туралы бағдарламалар, ұсыныстар әзірлеу және Шымкент қаласының әкімдігі мен қалалық мәслихатқа және өзге де мемлекеттік органдарға енгізу;

      12) заңнамамен белгіленген тәртіпте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

      13) энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында әлеуметтік, экономикалық және техникалық саясатты әзірлеу мақсатында қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасау;

      14) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арызбен жүгіну;

      15) өзіне берілген мүлікті басқару;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;

      2) қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жерге орналастыру жобаларына жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындауды ұйымдастырады;

      3) азаматтық-құқықтық шарттар негізінде мүлікті сатып алу және жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      4) қазыналық кәсіпорындардың тиісті саланың таза кірісінің белгіленген бөлігін бюджетке аударуының толықтығы мен уақтылылығын бақылайды;

      5) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысады;

      6) мемлекеттiк бюджеттен, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша берiлетiн сыртқы қарыздардан және өзге де көздерден қаржыландырылатын объектiлердi жобалау мен салуға конкурстарды ұйымдастыруға және өткiзуге қатысады;

      7) инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асырудың жылдық жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      8) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және басқа да мемлекеттік органдарға есеп беруді ұйымдастырады;

      9) мүлікті, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық іс-шараларға қатысу және көрсетілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      10) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды және даму бағдарламаларын іске асыру, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын инженерлік желілерді салу, реконструкциялау, қалпына келтіру, жаңғырту және қалпына келтіру кезінде тапсырыс берушінің функцияларын орындайды;

      11) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік органның функцияларын жүзеге асырады;

      12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Шымкент қаласы әкімдігінің және әкімінің энергетика саласы және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылайды;

      13) қаланың сумен жабдықтау және су бұру желілерін, тазарту құрылыстарын, электр беру желілерін, басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуды, реконструкциялауды және пайдалануды ұйымдастырады;

      14) кернеуі 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунт) электр беру желілерін және қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды береді;

      15) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      16) электр берудің резервтік (шунттық) желілері мен қосалқы станцияларын жобалау мен салуды келіседі;

      17) әкімдіктің энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-қимыл бағдарламаларын әзірлеу және олардың орындалуына мониторинг жүргізеді;

      18) энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы өңірлік ғылыми-техникалық саясатты әзірлеу және іске асырады;

      19) жаңартылатын энергия көздерін дамытудың нысаналы мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысады;

      20) Шымкент қаласының энергетикалық кешені мен коммуналдық шаруашылығының жай-күйіне күнделікті жедел мониторингті жүзеге асырады;

      21) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылайды;

      22) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;

      23) коммуналдық сектордағы газбен жабдықтау объектілерін есепке алуды жүзеге асыруды бақылайды;

      24) өндірістік бақылаудың тиімділігін, ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жоюға дайындығын, газ тұтыну және газ тарату объектілеріндегі авариялардың зардаптарын оқшаулау және жою жөніндегі жұмыстарды бақылайды;

      25) құрылыс жұмыстары аяқталған және реконструкцияланған газ тарату және газ тұтыну жүйелерін Қазақстан Республикасының газбен жабдықтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігіне пайдалануға қабылдау бойынша жұмыскерлердің жұмысына қатысады;

      26) коммуналдық шаруашылық саласындағы газ тарату және газ тұтыну объектілері мен көтергіш құрылыстарды салуды, реконструкциялауды жобалау кезінде жобалау ұйымдарының қауіпсіздік ережелері талаптарын, техникалық шарттарды, мемлекеттік стандарттарды сақтауын бақылайды;

      27) мұнай өнімдерін тұтыну болжамын дайындайды және бағалары қалада алдағы күнтізбелік жылға мемлекеттік реттеумен белгіленген жанар-жағармай материалдарына бағалардың мониторингін жүзеге асырады;

      28) сұйытылған мұнай газын өндірушілерді есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өздерінің интернет- ресурстарында жариялайды;

      29) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газы айналымына бақылауды жүзеге асырады;

      30) өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;

      31) сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу жөніндегі комиссияларды құрады;

      32) Шымкент қаласының алдағы тоқсанға сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін айларға бөле отырып, уәкілетті органға тоқсан сайын береді;

      33) топтық резервуарлық қондырғылар иелерінің тізілімін жүргізеді және интернет-ресурста жариялайды;

      34) уәкілетті органға Шымкент қаласы аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады;

      35) уәкілетті органға Шымкент қаласы аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;

      36) жылу желілеріне (магистральдық және блокішілік) жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді үйлестіреді;

      37) барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін (магистральдық және блокішілік) күзгі және қысқы жағдайларда пайдалануға әзірлік актілерін береді;

      38) жылу желілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының дайындығы мен жүргізілуіне және олардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысына бақылауды жүзеге асырады;

      39) жылу желілеріндегі (магистральдық және блокішілік) технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізеді;

      40) жылу желілерін (магистральдық, ішкі орамдық) жөндеу жоспарларын келіседі;

      41) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 300 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 300-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-1 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-3 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде), 309-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі және жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;

      42) жылумен, энергиямен, сумен, газбен жабдықтау жүйесінің, кәріздің және су қашыртудың пайдалану мен жөндеудің тиімді жұмыс істеуі саласындағы қызметті үйлестіреді;

      43) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен, жылу энергетикасы саласындағы басшылықты және сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1- тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көзделген салалардағы табиғи монополиялар субьектілерімен және энергия өндіруші ұйымдармен бірлесіп, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен салу жөніндегі инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын айқындай отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін қалыптастырады;

      44) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды Басқарма басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарма басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;

      2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, қала әкімі мен жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай ақ, қарамағындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерінің, Басқармасының қарамағындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;

      5) Басқарманың жұмыс жоспарларын бекітеді;

      6) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      7) сенімхаттар береді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың басшыларына көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      9) өз құзыреті шегінде қарамағындағы кәсіпорындардың және Басқарманың барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      10) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      11) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      12) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      13) келісім-шарттар жасасады;

      14) банкте шоттар ашады;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіліктерді жүзеге асырады;

      16) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;

      17) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді;

      18) Басқарманың қызметкерлеріне және қарамағындағы кәсіпорындардың басшыларына Қазақстан Ресаубликасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді;

      19) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы ережемен және қала әкімдігі мен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;

      20) Басқарманың басшысысы мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады;

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай- ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Шымкент қаласы әкімдігінің "Су құбыры және канализация басқармасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      2) "Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қуатжылуорталық-3" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады