Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 4177 қаулысы

      Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 1848 қаулысымен бекітілген "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      15-тармақта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге, оның ішінде шығармашылық және спорттық бағыттар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітуді ұйымдастырады;";

      24-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 259), 260), 261), 262), 263), 264), 265), 266), 267), 268), 269), 270), 271), 272), 273), 274), 275) және 276) тармақшалармен толықтырылсын:

      "259) Шымкент қаласының білім басқармасының "Маржан Тасова атындағы мамандандырылған №3 мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      260) Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 140 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      261) Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 141 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      262) Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 142 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      263) Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 143 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      264) Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 144 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      265) Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 145 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      266) Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 146 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      267) Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 147 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      268) Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 148 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      269) Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 149 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      270) Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 150 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      271) Шымкент қаласының білім басқармасының "№ 151 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      272) Шымкент қаласы білім басқармасының "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      273) Шымкент қаласы білім басқармасының "№ 2 Оқушылар сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      274) Шымкент қаласы білім басқармасының "Қаратау дәстүрлі өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      275) Шымкент қаласының білім басқармасының "Психологиялық қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      276) Шымкент қаласы білім басқармасының "Қорғаншылық және қамқоршылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";

      2), 125), 153), 154), 155), 156), 157), 158), 160), 161), 162), 163), 166) және 167) тармақшалар алып тасталсын.

      2. "Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 1502 қаулысымен бекітілген "Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге мынадай өзгеріс енгізілсін:

      14-тармақта 28), 29) және 30) тармақшалары алып тасталсын.

      3. "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 1211 қаулысымен бекітілген "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге мынадай өзгеріс енгізілсін:

      16-тармақта 59) және 60) тармақшалары алып тасталсын.

      4. "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады