БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышында:
"Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"
"Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер | |||||||||
РБ | 04 | 5 | 107 | 002 | 100 | A05 | Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру |
1) оқу және материалдық-техникалық базаны нығайту; | Білім туралы заңның 63-бабының 3-тармағы, "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы-аппарат басшысының 2024 жылғы 10 қазандағы № 1-9/43 өкімі. |
РБ | 04 | 5 | 107 | 002 | 100 | A06 | Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 5 | 107 | 002 | 100 | A07 | Түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: семинарлар, кеңестер, конференциялар, спорттық жарыстар | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 5 | 107 | 002 | 100 | A08 | Оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және (немесе) іске асыру | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 5 | 107 | 002 | 100 | A09 | Ғылыми зерттеулер жүргізу | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 5 | 107 | 002 | 100 | А95 | Академияның ғылыми басылымдарында ғылыми мақалалар жариялау және баспа қызметін жүзеге асыру | Сол сияқты | Сол сияқты |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
