Деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңестің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 512 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 148-бабы 5-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңестің құрамы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңес туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 512 бұйрығына
1-қосымша

Деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңестің құрамы

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметкерлері, деңгейлес мониторингке қатысушылардың өкілдер қатарындағы өкілдер, Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (келісу бойынша) және кәсіпкерлік субъектілерінің (келісу бойынша) өкілдерін қамтитын Деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңестің (бұдан әрі – Консультативтік кеңес) құрамына кемінде 6 (алты) адам кіреді:

      Консультативтік кеңес төрағасын қоса, Комитет өкілдері – 2 (екі) адам;

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 197-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген апелляциялық комиссияның мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілі – бір адам;

      деңгейлес мониторингке қатысушылардың өкілдер қатарындағы өкілі – 1 (бір) адам;

      кәсіпкерлік субъектінің өкілдері қатарынан деңгейлес мониторингке қатысушының өкілі – 1 (бір) адам (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі – 1 (бір) адам (келісу бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 512 бұйрығына
2-қосымша

Деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңес туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңестің қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 148-бабы 5-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес әзірленді және:

      деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңестің (бұдан әрі – Консультативтік кеңес) өкілеттіктерін;

      Консультативтік кеңесті ұйымдастыру және оның жұмыс тәртібін айқындайды.

      2. Консультативтік кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Салық кодексін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) деңгейлес мониторингті үйлестіру үшін жауапты жұмыс органы – құзыретіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) деңгейлес мониторингке байланысты нормативтік құқықтық актілер әдіснамасы бөлігіндегі мәселелер кіретін құрылымдық бөлімше;

      2) деңгейлес мониторингті жүргізуге жауапты жұмыс органы – құзыретіне деңгейлес мониторингті жүргізу кіретін Комитеттің құрылымдық бөлімшесі;

      3) деңгейлес мониторингке қатысушы – Комитетпен Деңгейлес мониторинг туралы келісім және ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін (бұдан әрі – келісім) жасасқан салық төлеуші.

      Осы Ережеде пайдаланылады өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Консультативтік кеңестің өкілеттіктері

      4. Консультативтік кеңес:

      1) деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша келіспеушіліктер хаттамада (бұдан әрі – Хаттама) көрсетілген мәселелерді;

      2) келісімді бұзу туралы мәселені қарайды.

      Консультативтік кеңес отырыстары деңгейлес мониторингке қатысушының міндетті қатысуымен өткізіледі.

      Осы тармақта көрсетілген мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Консультативтік кеңес деңгейлес мониторинг бойынша уәжді шешімді (бұдан әрі – уәжді шешім) Салық кодексінің 148-бабы 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібіне сәйкес нысан бойынша шығарады.

      5. Консультативтік кеңес төрағасының өкілеттіктеріне:

      1) Консультативтік кеңеске жалпы басшылық ету;

      2) Консультативтік кеңес отырысын өткізу күнін белгілеу және оны кейінге қалдыру;

      3) Консультативтік кеңес отырысының хаттамасына қол қою жатады.

      6. Консультативтік кеңес мүшелерінің өкілеттіктеріне:

      1) Комитеттің бейінді бөлімшелерінен, деңгейлес мониторингке қатысушыдан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, екінші деңгейлі банктерден және құзыретіне қарастырылып отырған мәселе кіретін басқа ұйымдардан қосымша материалдарға сұрау салу;

      2) Консультативтік кеңестің жүргізуіне жатқызылған мәселелерді қарау;

      3) Консультативтік кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау жатады.

      7. Консультативтік кеңес хатшысы:

      1) деңгейлес мониторингті үйлестіруге жауапты;

      2) деңгейлес мониторингті жүргізуге жауапты жұмыс органының қызметкерлері қатарынан айқындалады.

      Консультативтік кеңестің хатшысы деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі Консультативтік кеңес отырысының хаттамасын осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша, Дауыс беру парағын қоса тіркей отырып, ресімдейді.

      Консультативтік кеңес хатшысы Консультативтік кеңес мүшесі болып табылмайды.

      8. Консультативтік кеңестің төрағасы болып, Комитет төрағасы тағайындалады.

      Консультативтік кеңес төрағасы болмаған жағдайда Консультативтік кеңес отырысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Комитет төрағасының міндетін атқарушының төрағалығымен өткізіледі.

      9. Консультативтік кеңес отырысы, егер оған Консультативтік кеңестің жалпы мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса құқыққа сыйымды болып саналады.

      10. Консультативтік кеңестің құрамына осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өкілдер енгізіледі.

      11. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген уәжді шешімді қабылдау үшін қосымша түсіндірулерді талап ететін мәселелер туындаған кезде, Консультативтік кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша тиісті жұмыс органы арқылы отырысқа:

      құзыретіне қарастырылып отырған мәселе кіретін Комитеттің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бейінді құрылымдық бөлімшелерінің өкілі;

      құзыретіне қарастырылып отырған мәселе кіретін деңгейлес мониторингке қатысушының өкілдері;

      құзыретіне қарастырылып отырған мәселе кіретін салалық министрліктердің, ведомстволардың және мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, кәсіби қауымдастықтардың өкілдері шақырылады.

      Шақырылған Консультативтік кеңес қатысушыларында дауыс беру құқығы жоқ.

3-тарау. Консультативтік кеңесті ұйымдастыру және оның жұмыс тәртібі

      12. Консультативтік кеңестің жұмысы ұйымдастыруды:

      1) деңгейлес мониторингті жүргізу;

      2) деңгейлес мониторингті үйлестіру үшін жауапты жұмыс органдары жүргізеді.

      13. Деңгейлес мониторингті жүргізуге жауапты жұмыс органы салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша Хаттамаға қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оған материалдарды (бұдан әрі – материалдар) тіркей отырып, көрсетілген материалдарды қарау үшін Консультативтік кеңес мүшелеріне ұсынады.

      14. Деңгейлес мониторингті үйлестіруге жауапты жұмыс органы:

      1) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі Хаттамаға қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оған материалдарды (бұдан әрі – ІБЖ материалдары) тіркей отырып көрсетілген материалдарды қарау үшін Консультативтік кеңес мүшелеріне ұсынады;

      2) келісімді бұзу туралы негіздемелерді (бұдан әрі – негіздеме) енгізу және (немесе) жасау күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілген негіздемені қарау үшін Консультативтік кеңес мүшелеріне ұсынады.

      15. Консультативтік кеңес мүшелері материалдар мен (немесе) ІБЖ материалдар мен (немесе) негіздемені алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өз ұстанымдарын тиісті жұмыс органына ұсынады.

      16. Комитеттің бейінді бөлімшелерінен, деңгейлес мониторингке қатысушыдан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, екінші деңгейлі банктерден және құзыретіне қарастырылып отырған мәселе кіретін басқа ұйымдардан қосымша құжаттар мен (немесе) ақпараттар және (немесе) сараптамалық пікірлер (бұдан әрі – қосымша материалдар) сұрау қажеттілік туындаған жағдайда тиісті жұмыс органы тиісті сұрау салуды жолдайды.

      Консультативтік кеңес мүшелерінің сұрау салуы бойынша қосымша материалдарды:

      1) деңгейлес мониторингке қатысушы Комитеттің бейінді бөлімшелеріне – 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

      2) Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары, екінші деңгейлі банктер және ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынады.

      17. Жұмыс органы қосымша материалдар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды Консультативтік кеңес мүшелерінің танысуына ұсынады.

      18. Осы Ереженің 16-тармағының екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар сұрау салуға жауапты, сұрау салу жолданған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, Консультативтік кеңес Хаттамада көрсетілген мәселе бойынша немесе келісімді бұзу туралы шешім қабылдайды.

      19. Қосымша материалдарды алудың қорытындысы бойынша Консультативтік кеңес мүшелері 10 (он) жұмыс күні ішінде туындаған мәселелер бойынша негізделген ұстанымдарын тиісті жұмыс органына ұсынады.

      20. Жұмыс органы Консультативтік кеңес мүшелерінің ұстанымын ескере отырып, материалдар дайындайды және оларды Консультативтік кеңес отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Консультативтік кеңес мүшелеріне жолдайды.

      21. Жұмыс органы Консультативтік кеңес мүшелерін отырыс күнінің ауыстырылғаны туралы отырыс күніне дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күн бұрын хабардар етеді.

      22. Консультативтік кеңес отырысы бетпе-бет тәртіппен не мүшелері мен Консультативтік кеңес шақырылған қатысушылардың қашықтықтан өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн-режимде өткізіледі.

      23. Туындаған мәселелер бойынша Консультативтік кеңестің уәжді шешімі ашық дауыс беру арқылы, отырысқа қатысушылардың қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.

      Дауыс тең түскен жағдайда, Консультативтік кеңес төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      Хаттаманы және (немесе) келісімді бұзу қажеттілігі туралы негіздемені қараудың қорытындысы бойынша Консультативтік кеңес мынадай:

      1) салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша деңгейлес мониторинг нәтижелері жөніндегі ұсынымды және (немесе) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсынымды өзгеріссіз қалдыру туралы;

      2) салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша деңгейлес мониторинг нәтижелері жөніндегі ұсынымды және (немесе) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсынымды толық немесе ішінара жою туралы;

      3) келісімді бұзу туралы;

      4) келісімді бұзудан бас тарту туралы уәжді шешімдердің бірін қабылдайды.

      24. Уәжді шешім оны қабылдаған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде деңгейлес мониторингке қатысушыға ұсынылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      25. Деңгейлес мониторинг қатысушы Консультативтік кеңестің қарауындағы Хаттамада көрсетілген салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша деңгейлес мониторинг нәтижелері жөніндегі ұсынымды және (немесе) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсынымды дербес орындаған кезде, Комитетке ол орындалған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынымдардың орындалғаны туралы хабардар етеді және қаралып жатқан даулы мәселені одан әрі талқылау тоқтатылады.

      26. Консультативтік кеңес мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпия ақпаратты жария етуге жол берілмейді.

  Деңгейлес мониторингке
байланысты мәселелерді
қарау жөніндегі консультативтік
кеңес туралы ережеге
қосымша

      Нысан

Деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңес отырысының хаттамасы

      _______________ _____________ _____________

      (өткізу орны) (№, нөмір) (күн)

      _______________________________________________________________

      (деңгейлес мониторинг қатысушының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      көрсетіледі)

      Консультативтік кеңес төрағасы: _________________________________

      Консультативтік кеңес мүшелері: _________________________________

      Консультативтік кеңес хатшысы: _________________________________

      Қатысқандар: шақырылған тұлғалар (бар болған жағдайда): _________________

      Күн тәртібі (мәселелер): _________________________________________

      Консультативтік кеңес мүшелерінің ұстанымдары және шақырылған тұлғалардың пікірі (бар болған жағдайда): _______________________________

      Шешім: ________________________________________________________

      (қабылданған шешім көрсетіледі)

      Консультативтік кеңес төрағасы: _____________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген

      жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)) (қолы)

      Консультативтік кеңес мүшелері:

______________________

(Т.А.Ә.)

______________

(қолы)

_______________

(күні)

______________________

(Т.А.Ә.)

______________

(қолы)

______________

(күні)

______________________

(Т.А.Ә.)

______________

(қолы)

______________

(күні)

______________________

(Т.А.Ә.)

______________

(қолы)

______________

(күні)

______________________

(Т.А.Ә.)

______________

(қолы)

______________

(күні)

______________________

(Т.А.Ә.)

______________

(қолы)

______________

(күні)

      Консультативтік кеңес хатшысы: _________________ _____________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

  Деңгейлес мониторингке
байланысты мәселелерді қарау
жөніндегі консультативтік
кеңес отырысының хаттамасына
қосымша

      Нысан

Дауыс беру парағы

  _____________
  (күні)

_______________________________________________________________ (деңгейлес мониторинг қатысушының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі)

      Консультативтік кеңестің қарауына шығарылған мәселе бойынша деңгейлес мониторинг қатысушының 20__жылғы "__"______№____келіспеу

      Хаттамасы бойынша

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________


Консультативтік кеңес мүшелері

Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатында көрсетілген жағдайда)

Консультативтік кеңес мүшелерінің дауысы

Ескертпе

 
Шешімді қолдаймын

Шешімді қолдамаймын

Консультативтік кеңес төрағасы





Комитеттің өкілі





Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 197-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген апелляциялық комиссияның мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілі





деңгейлес мониторингке қатысушылардың өкілдер қатарындағы өкілі





кәсіпкерлік субъектінің өкілдері қатарынан деңгейлес мониторингке қатысушының өкілі





Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі





Барлығы:





      * дауыс беру Келіспеу хаттамасындағы әрбір мәселе бойынша жеке-жеке жүргізіледі

      Дауыс беру нәтижелері:

      __________________________________________________________

      __________________________________________________________

      Консультативтік кеңес төрағасы: ____________________ _________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген

      жағдайда)) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) (қолтаңба)

      Консультативтік кеңес мүшелері:

______________________

(Т.А.Ә.)

______________

(қолы)

______________

(күні)

______________________

(Т.А.Ә.)

______________

(қолы)

______________

(күні)

______________________

(Т.А.Ә.)

______________

(қолы)

______________

(күні)

______________________

(Т.А.Ә.)

______________

(қолы)

______________

(күні)

______________________

(Т.А.Ә.)

______________

(қолы)

______________

(күні)

______________________

(Т.А.Ә.)

______________

(қолы)

______________

(күні)

      Консультативтік кеңес хатшысы: ________________ ___________ (Т.А.Ә.) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады