РБ
|
10
|
1
|
212
|
255
|
100
|
037
|
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау нәтижесiнде алынған өнiмдердi өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер
|
1) сұрыптық сынау станциялары мен учаскелерінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын және зертханалық зерттеулер жүргізу;
2) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, комбайндарды, күштік машиналар мен жабдықтарды, генератор машиналарын, жұмыс машиналары мен жабдықтарды, өлшеу аспаптарын, реттеуші аспаптар мен құрылғыларды, зертханалық жабдықтарды, компьютерлік жабдықтарды, өзге де машиналар мен жабдықтарды, жалпы мақсатқа арналған механикаландырылған және механикаландырылмаған еңбек құралдарын, өндірістік мүкәммал мен керек-жарақтарды, шаруашылық мүкәммалын, өртке қарсы мақсатқа арналған заттарды, өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәммал мен құралдарды сатып алу;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
4) сұрыптық сынау саласында ауыл шаруашылығы және зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме тартатын штаттан тыс маусымдық, мамандар мен жұмысшыларға, техникалық персоналға, еңбекақы төлеу;
5) отын, жанар-жағармай материалдарын (май, тосол, отын, көмір, шымтезек, бензин, керосин, мазут, автол және басқа да жанар-жағармай материалдары), жанар-жағармай материалдарына талондар сатып алу, сондай-ақ отынның барлық түрлерін тиеу, түсіру, тасымалдау және сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
6) өзге де материалдарды (отырғызу материалы, тұқымдар, тыңайтқыштар, пестицидтер, техникалық ақпарат тасығыштар, почта маркалары, таңбаланған конверттер, бланк өнімдері, кіріс (шығыс) хат-хабарларды тіркеу журналдары, картридждер, тонерлер) сатып алу;
7) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәрі қобдишаларын (автомобильдерге арналған дәрі қобдишаларын) сатып алу;
8) құрылыс және монтаждау жұмыстары процесінде пайдаланылатын құрылыс материалдарын (рукан (рубероид), араластырғыштар, раковиналар, унитаздар, душ кабиналары, ванналар, есік блогы, терезе блогы, коннектор, кәбіл каналы, есіктер, есіктегі тұтқалар, есік жеткізгіш, ойма құлып, розеткалар, ажыратқыштар, линолеум, ковролан) сатып алу;
9) шаруашылық материалдарын (электр желілік сүзгілерді, ұзартқыштарды, ыдыстарды, үй-жайларды күтіп ұстауға арналған тазалағыш, дезинфекциялағыш, жуғыш құралдарды, ауа тазартқыштарды, қоқысқа арналған қаптарды; шүберектерді, шаруашылық қолғаптарды, күректерге арналған саптарды, батареяларды, шпагаттарды, шлангілерді, дәретхана қағазын, қағаз сүлгілерді, үй-жайларды жинауға арналған керек-жарақтарды, кеңсе керек-жарақтарын, арнайы киімдер, қораптар, тұқымдарға арналған қаптар) сатып алу;
10) байланыстың барлық түрлерінің көрсетілетін қызметтеріне, оның ішінде интернет байланысы, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, үй-жайлар мен ғимараттарды жалға алу, топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау және мелиорациялық іс-шаралар жүргізу бойынша, таразылық және мамандандырылған жабдықтарды тексеру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
11) жазылым басылымдарын, ғылыми, әдістемелік және арнайы әдебиет сатып алу;
12) ғылыми, әдістемелік материалдар мен ресми бюллетеньдер шығару;
13) мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
14) шетелдік хат-хабарларды және ғылыми құжаттаманы аудару бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
15) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы және бағалы сұрыптарын жарнамалау және насихаттау жөніндегі бұқаралық іс-шараларды (дала күндері, семинарлар, көрмелер, экскурсиялар, таныстырылымдар) өткізу;
16) сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің жұмыс істеуімен байланысты ғимараттарды, құрылысжайлар мен объектілерді ағымдағы жөндеу (жалпы құрылыс жұмыстары, гидрооқшаулау жұмыстары, электр сымдарын монтаждау және электр арматурасын орнату бойынша жұмыстар, электр байланысы жабдығын орнату бойынша электр монтаждау жұмыстары, ғимаратқа электр жабдығын орнату, жергілікті желі (электр) желілерін жүргізу, газдандыру, монтаждау (орнату), су құбыры есептегішін, электр есептегішті, күш қалқаншасын, электр автоматын, трансформаторды, сплит-жүйелерді, газ есептегішін демонтаждау, зертханалық жабдықты орнату);
17) жылыту, кәріз, су құбыры жүйесіне техникалық қызмет көрсетуге, оны ағымдағы жөндеуге, дәнекерлеу жұмыстарына, су құбыры жұмыстарына, қоршаулар мен дуалдарды, қақпалар мен бастырмаларды, қақпаларды орнатуға, ауабаптағышты, ғимараттарға арналған антенналарды монтаждау (орнату);
18) сылау, сырлау жұмыстарына, шыны жұмыстарына, үй-жайда арақабырғалар орнату;
19) жабдықтардағы, тракторлардағы, комбайндардағы, көлік құралдарындағы тозған бөлшектерді жөндеуге және ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектерді (автомобиль қозғалтқыштары, аккумулятор, аккумуляторлық батареялар, трос, сермер, тығыздамалар, реле, су сорғысы, айқастырма, амортизаторлар және басқа да қосалқы бөлшектер), компьютерлік техниканы (негізгі плата, қатты диск, кулер, жедел есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы) сатып алу;
20) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің және техникалық персоналдың, Қазақстан Республикасының шегінде және одан тыс жерлерге іссапар шығыстары;
21) сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеу;
22) жобалау құжаттамасын (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу және сараптау, жер учаскесінің топографиялық түсірілімін дайындау, жерге орналастыру жобасын әзірлеу, жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу, жер учаскесіне сәйкестіндіру құжатын дайындау және беру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
23) ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге арналған көлік құралдарын жалдау шығындары;
24) ағымдағы шығындар (айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялық төлемдер, кіру жарналары, мемлекеттік баж, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, олар бойынша өсімақылар мен айыппұлдар (әлеуметтік салықтан басқа));
25) үй-жайларды, ғимараттарды, құрылысжайларды, беріліс құрылғыларын ресімдеу, сондай-ақ үй-жайлар, ғимараттар мен құрылысжайлар орналасқан жерді ресімдеу шығындары;
26) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласындағы нәтижелерді деректерін автоматты түрде өңдеуге офистік жабдықтарды, офистік техниканы, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды, вирусқа қарсы бағдарламаны, арнайы бағдарламалық қамтылымды сатып алу және орнату;
27) көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру, иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
28) Webkassa 2.0 бағдарламалық қамтылымын орнату, оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерге, бағдарламалық қамтылымды қолдау бойынша консультациялық қызмет көрсету, деректерді өңдеу, дерекқорлар құру, мемлекеттік сұрыптық сынау саласындағы веб-порталдарға техникалық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
29) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша көрсетілетін қызметтерге, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
30) көлік құралдарын диагностикалау, жөндеу, автомобиль майын ауыстыру, шиналарды монтаждау, резеңкені ауыстыру, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
31) электр энергиясын, суды, газды есепке алу аспаптарын мемлекеттік тексеруден өткізе және бағдарлама жасай отырып орнату үшін ақы төлеу;
32) баннерлер, бланкілер, қатты папкалар, алғыс хаттар, грамоталар, арнайы журналдар, мөртабандар, стендтер дайындау;
33) офистік техниканы, компьютерлер мен перифериялық құрылғыларды, принтерлерді, серверлік жабдықтарды, көшіру аппаратын, факсты, өрт дабылдамасы жүйелері мен өрт сөндіргіштерге арналған жабдықты жөндеу, құрастыру, орнату, оларға қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
34) өкілдік шығыстар;
35) жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу;
36) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне инкассалық өкім ұсынылғанға дейін мемлекеттік мекеменің атқарушылық құжатты ерікті түрде орындау;
37) кепілдік жарнаны төлеу;
38) астықты сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
39) тіркеуші ақпараттық жүйедегі клиенттің дербес шотына жылдық қызмет көрсеткені үшін абоненттік төлемақы төлеу;
40) аккредиттеу жөніндегі органның бағалау жүргізу бойынша жұмыстарының құнын төлеу. (112, 116, 121, 122, 123, 124, 131, 135, 136, 144, 149, 151, 152, 153, 156, 157, 158, 159, 161, 162, 165, 169, 412, 413, 414, 416, 419 және 421).
|
"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы, "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-4-бабы, "Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 135 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 36050 болып тіркелді).
|