"Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 680 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 247 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің "Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы" 2023 жылғы 19 маусымдағы № 680 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмелерін қазақ және орыс тілдеріне Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрінің
2025 жылғы 22 мамырдағы
№ 247 бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы
министрінің
2023 жылғы 19 маусымдағы
  № 680 бұйрығымен
бекітілген

Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімі

      1. Австрия Республикасы

      2. Америка Құрама Штаттары

      3. Армения Республикасы

      4. Әзербайжан Республикасы

      5. Беларусь Республикасы

      6. Бельгия Корольдігі

      7. Вьетнам Социалистік Республикасы

      8. Германия Федеративтік Республикасы

      9. Жапония мемлекеті

      10. Италия Республикасы

      11. Иран Ислам Республикасы

      12. Испания Корольдігі

      13. Канада

      14. Корея Республикасы

      15. Қытай Халық Республикасы

      16. Латвия Республикасы

      17. Люксембург Ұлы Герцогтігі

      18. Малайзия

      19. Моңғолия

      20. Нидерланд Корольдігі

      21. Норвегия Корольдігі

      22. Пәкістан Ислам Республикасы

      23. Польша Республикасы

      24. Ресей Федерациясы

      25. Румыния

      26. Сауд Арабия патшалығы

      27. Сингапур Республикасы

      28. Словакия Республикасы

      29. Словения Республикасы

      30. Түркия Республикасы

      31. Украина

      32. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі

      33. Үндістан Республикасы

      34. Финляндия Республикасы

      35. Француз Республикасы

      36. Хорватия Республикасы

      37. Чех Республикасы

      38. Швеция Корольдігі

      39. Швейцария Конфедерациясы (тек келесі Кантондар бөлігінде):

      1) Аргау

      2) Берн

      3) Тичино

      4) Цюрих

      40. Эстония Республикасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады