Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Б. Ахметов |
| Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы "25" қыркүйектегі № VIII-47-215 шешіміне 1-қосымша |
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Есептік бірлік | ҚҚС-ты қоса алғандағы қызмет құны, теңге |
1 | Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифі | ||
1.1 | Жайлы тұрғын үйлер | тұрғын / ай | 550,72 |
1.2 | Жайсыз тұрғын үйлер | тұрғын / ай | 550,72 |
2 | Бірлікке (көлемге) жылдық тарифі | 1 м³ | 3 478,24 |
