Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 наурыздағы "2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы" № 78 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6225-05 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | М. Сұлтанғазиев |
| Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы "__" __________ | |
| №___ қаулысына қосымша | |
| Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 наурыздағы № 78 қаулысына қосымша |
2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі (килограмм, дана) | Субсидияланатын көлем (теңге) |
Субсидиялар сомасы |
1. | Балық азықтарына тиесілі субсидиялар | |||
1.1 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 797 848 кг | 105 | 83 774,0 |
1.2 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 374 556 кг | 270 | 101 130,0 |
1.3 | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 104 056 кг | 285 | 29 656,0 |
2. | Тұқы, албырт, бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін балық отырғызу материалын сатып алуға субсидиялар (БӨМ) | |||
2.1 | Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана | 2 503 200 дана | 15 | 37 548,0 |
2.2 | Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) дана уылдырық | 3 586 000 дана | 5 | 17 930,0 |
2.3 | Албырт тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана | 3 018 960 дана | 25 | 75 474,0 |
2.4 | Бекіре тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана | 82 952 дана | 250 | 20 738,0 |
3. | Балық өсіру-билогиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялар (БӨБН) | 3 дана | 500000 | 1500,0 |
4. | Дәрілік препараттарды сатып алуға субсидиялар | |||
4.1 | Жұқпалы аурулармен күресуге арналған антибиотиктер, антигельминтикалық препараттар тобы, иммунитетті арттыруға арналған препараттар, сыртқы ауруларға қарсы препараттар, торларды, тоғандар мен көлдерді өңдеуге арналған препараттар, су гидрохимиясын жақсартуға арналған препараттар, гипофиз | 2 450 кг | 5000 | 12 250,0 |
Барлығы | 380 000,0 | |||
