Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 289 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев

  Алматы облысы әкімдігінің
  2025 жылғы "___" ________
  № ___ қаулысына қосымша

Алматы облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қарашадағы "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №116667 болып тіркелген) № 508 қаулысы;

      2. Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 "Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" 2018 жылдың 10 мамырындағы №208 облыс әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №121932 болып тіркелген) № 508 қаулысы;

      3. Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 "Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылдың 05 наурыздағы №88 облыс әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №140131 болып тіркелген) № 508 қаулысы;

      4. Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 "Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" 2021 жылдың 09 тамызындағы №308 облыс әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №158454 болып тіркелген) № 508 қаулысы;

      5. Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 "Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" 2024 жылдың 29 қаңтардағы №31 облыс әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №192995 болып тіркелген) № 508 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады