"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | М.Сұлтанғазиев |
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" ____________ № _____ қаулысына қосымша |
Р/к № | Резиден-тура мерзімі | Түсетін жылы | Резидентура мамандығы | Грант саны |
1 | 3 жыл | 2025 | Ересектер, балалар акушер және гинекологиясы | 3 |
2 | 3 жыл | 2025 | Ересектер, балалар анестезиология және реаниматологиясы | 2 |
3 | 3 жыл | 2025 | Балалар хирургиясы | 2 |
4 | 2 жыл | 2025 | Ересектер, балалар гастроэнтерологиясы | 3 |
5 | 2 жыл | 2025 | Ересектер гематологиясы | 2 |
6 | 2 жыл | 2025 | Ересектер, балалар дерматовенерологиясы | 2 |
7 | 3 жыл | 2025 | Жалпы хирургия | 2 |
8 | 3 жыл | 2025 | Ересектер, балалар жақ-бет хирургиясы | 3 |
9 | 2 жыл | 2025 | Ересектер, балалар жұқпалы аурулары | 3 |
10 | 2 жыл | 2025 | Клиникалық фармакология | 2 |
11 | 2 жыл | 2025 | Медициналық генетика | 2 |
12 | 2 жыл | 2025 | Ересектер, балалар неврологиясы | 2 |
13 | 2 жыл | 2025 | Ересектер, балалар нефрологиясы | 1 |
14 | 2 жыл | 2025 | Ересектер онкологиясы | 2 |
15 | 2 жыл | 2025 | Балалар онкологиясы мен гематологиясы | 2 |
16 | 2 жыл | 2025 | Химиотерапиялық онкология | 1 |
17 | 3 жыл | 2025 | Ересектер, балалар оториноларингологиясы | 1 |
18 | 3 жыл | 2025 | Ересектер, балалар офтальмологиясы | 1 |
19 | 2 жыл | 2025 | Патологиялық анатомия | 2 |
20 | 2 жыл | 2025 | Педиатрия | 1 |
21 | 2 жыл | 2025 | Ересектер, балалар психиатриясы | 5 |
22 | 2 жыл | 2025 | Ересектер, балалар пульмонологиясы | 3 |
23 | 2 жыл | 2025 | Ересектер, балалар фтизиатриясы | 4 |
24 | 3 жыл | 2025 | Ересектер, балалар шұғыл медицинасы | 2 |
25 | 2 жыл | 2025 | Ересектер, балалар эндокринологиясы | 2 |
Барлығы | 55 |