Алматы облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 238 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27 және 85-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысының су қорғау аймақтары және белдеулері осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Алматы облысының су қорғау аймақтарын және белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

      4. "Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Су ресурстары және ирригация министрлігі
      Су шаруашылығы комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
      бассейндік инспекциясы

  Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы "08" тамызындағы № 238 қаулысына 1-қосымша

Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің атауы

Су объектілерінің су қорғау аймағының ені, метр

Су объектілерінің су қорғау белдеуінің ені, метр

1

Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-045-070-545; 03-045-093-209; 03-045-093-200; 03-045-227-005) Ұзынқарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

2

Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-045-093-169, 03-045-093-911) Ұзынқарғалы өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

3

Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-045-227-539) Ұзынқарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

4

Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-045-099-260) Ұзынқарғалы өзенінің (сол жақ жағалауының) және Шолақ-Қарғалы өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

5

Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-047-227-027, 03-047-227-057, 03-047-227-058, 03-047-227-059, 03-047-227-111, 03-047-227-118) Ақсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

90-200

35

6

Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-044-193-018) Түрген өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

550

55

7

Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-045-099-332) Ұзынқарғалы өзенінің (сол жақ жағалауы) және Шолақ-Қарғалы өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

8

Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-046-196-077) Қаскелең өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

100

9

Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-045-093-1037,03-045-099-303)Ұзынқарғалы өзенінің (сол жақ жағалауы) және Шолақ-Қарғалы өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

10

Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-047-277-034 Ақсай өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

11

Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-044-193-236; 03-044-193-237) Түрген өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

550

35

12

Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-044-237-442, 03-044-237-424) Қаратұрық өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

13

Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-044-023-332 Бесағаш өзенінің (оң жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

14

Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-051-146-288, 03-044-023-256 Талғар өзенінің (сол жақ жағалауының) су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

15

Қырғауылды өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері (ПК-18 + 877 шегінде ПК-21+00 дейін оң жақ жағалауының кадастрлық нөмірі:
03-047-292-2987

500

35

16

Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері:
03-045-010-1034, 03-045-003-805) Аққайнарсай арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

17

Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-047-062-412), Ащыбұлақсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

18

Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-046-149-125) Қарасу-Байсерке және Теренқара өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

100

19

Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-044-265-289) Шелек өзенінің (сол жақ жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

20

Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-046-013-1477) Қоянқұс өзенінің (сол жақ жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

21

Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-046-084-097) Қаскелең өзенінің (оң жақ жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

22

Тоқпанов ауылдық округінің, Асқар Тоқпанов ауылының, Асқар № 1493, 1536/8 жер учаскелерінің шекаралары шегіндегі (кадастрлық нөмірлері:
03-046-043-1493, 03-046-043-1797) Боралдай өзенінің (оң жақ және сол жақ жағалаулары) су қорғау аймақтары мен белдеулері

500

35

  Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы "08" тамызындағы № 238 қаулысына 2-қосымша

Алматы облысының су қорғау аймақтарын және белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі

      1. Жерүсті су объектілерінде:

      1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;

      2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;

      3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;

      4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;

      6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;

      7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.

      2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:

      1) мыналарды:

      су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;

      көпірлерді, көпір құрылысжайларын;

      айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;

      балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;

      ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;

      су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;

      2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;

      3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.

      3. Су қорғау аймақтары шегінде:

      1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;

      3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;

      4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;

      5) зираттарды орналастыруға;

      6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;

      7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

  Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы "08" тамызындағы № 238 қаулысына 3-қосымша

Алматы облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы №278 "Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6024-05 болып тіркелген) қаулысы;

      2. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 мамырдағы №168 "Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы "Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы" № 278 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6117-05 болып тіркелген) қаулысы;

      3. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы №209 "Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы "Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы" № 278 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6133-05болып тіркелген) қаулысы;

      4. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 231 "Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы "Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы" № 278 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6143-05 болып тіркелген) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады