Алматы облысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 183 қаулысы

      Ескерту. 01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4-тармағымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 34) тармақшасына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-тармағы 6-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының 2025 жылғы 25 сәуірдегі №21-19/3048 тапсырмасына, Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы "Әлеуметтік әмиян" пилоттық жобасын масштабтау жөніндегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады