БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32616 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл облыстарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келесі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылсын:
"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";
"Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";
"Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу";
"Сот сарапшыларын аттестаттау";
"Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау";
"Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау";
"Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру";
"Сот сарапшысының біліктілігін беру";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске асыру тәртібінде:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) кәсіптік қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу ("Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу", "Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу", "Жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу", "Сот сарапшыларын аттестаттау"; "Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау", "Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау") және біліктілік беру ("Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамаларының бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру", "Сот сарапшысы құқығына біліктілік беру") жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету процесін айқындайды.";
2-тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"4) Тестілеу операторы - тестілеу рәсімдерін ұйымдастыруды және "Кәсіби қызметпен айналысу және біліктілік беру құқығына автоматтандырылған режимде кешенді тестілеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету" АЖ техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуші оператор;".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының әділет және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
____________ Е. Сәрсембаев |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
_____________ Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі