Шалқар ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 223 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.

      2. "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шалқар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов

  Шалқар ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "29" қыркүйектегі
№ 223 қаулысына қосымша

1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф

Мекемелердің түрлері

Қызмет алушылардың түрлері

Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге)

Кіші түрі

Қызмет алушының жағдайы

1

2

3

4

5

1.

Үйде қызмет көрсету

1) Психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі
2) Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі
3) Қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы қызмет көрсету бөлімі
4) Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі.

1) Ауыр
2) Ауыр
3) Орташа және айқын
4) Ауыр

4531,24


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады