2026 жылға арналған Шалқар ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 326 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған Шалқар ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.

      2. Шалқар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 223 "Шалқар ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шалқар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов

  Шалқар ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "25"
желтоқсандағы
№ 326 қаулысына қосымша

2026 жылға арналған Шалқар ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифі

Мекемелердің түрлері

Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге)

1.

Үйде қызмет көрсету

3866,62


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады