Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 80 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Ойыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 147 "Ойыл ауданы бойынша ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ойыл ауданының әкімі | А. Қазыбаев |