2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 259 қаулысы

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Темір ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі А. Жақсылықов

  Темір ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "22" қазандағы
№ 259 қаулысына қосымша

1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф

Мекемелердің түрлері

Қызмет алушылардың түрлері

Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге)

Кіші түрі

Қызмет алушының жағдайы

1

2

3

4

5

1.

Үйде қызмет көрсету



4481,03


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады