ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1-бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
2. "Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны Мұғалжар ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Мұғалжар ауданы әкімінің м. а | Ж. Бақыткелді |
| Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 396 қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
№ | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Ұйымдардың тізбесі |
1 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Ембі қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Мұғалжар ауданының Жем қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
3 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
4 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Мұғалжар ауданының Жұрын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
5 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Мұғалжар ауданының Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
6 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
7 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Мұғалжар ауданының Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
8 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Мұғалжар ауданының Батпақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
9 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Мұғалжар ауданының Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
10 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Мұғалжар ауданының Ащысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
11 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Мұғалжар ауданының Құмжарған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
12 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Мұғалжар ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
13 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Мұғалжар ауданының Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
14 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Мұғалжар ауданының Мұғалжар ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
