ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк ауданында арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданған кезде, төлем көзінен ұсталған салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы | Т. Көлкебаев |
