Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 51 "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 240 шешімі

      Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 51 "Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8435 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Азаматтың (отбасының) табысын есептемегенде әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі:

      1) дүлей апаттың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі бойынша, осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей – 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі бойынша, осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей – 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) бекітілген тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулардың бірінен зардап шегетін тұлғаларға – 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      Тізбе бойынша әлеуметтік көмек бір тұлғаға бір ауруы бойынша жылына бір рет көрсетіледі.

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, босатылған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей жүгінген тұлғаларға – 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      5) пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға – 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      6) Қазақстан Республикасының шегінде санаторийлік - курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (заңнамаға сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жеке оңалту және абилитация бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі бар) алып жүретін азаматтарға, санаторийлік - курорттық ұйымда болу құнын өтеу ретінде нақты шығындар мөлшерінде, бірақ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерінде.";

      9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әлеуметтік көмек жылына бір рет азаматтың (отбасының) өтініш берген сәттің алдындағы тоқсанда Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып көрсетіледі:

      1) көп балалы отбасыларға (тұлғаларға), аз қамтылған азаматтарға – 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      2) осы Қағидалардың 7 тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек – 30 (отыз) АЕК мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихатының төрағасы
Т. Көлкебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады