Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Шәмші Қалдаяқов ауылының көшелері туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Шәмші Қалдаяқов ауылы әкімінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 19 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 354 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 88 "Ақтөбе облысының Қарғалы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" бірлескен қаулысы және шешімі негізінде Шәмші Қалдаяқов ауылының әкімі ШЕШТІ:

      1. Шәмші Қалдаяқов ауылының көшелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Шәмші Қалдаяқов ауылының әкімі С. Ізтлеуов

  Ақтөбе облысы Қарғалы
ауданы Шәмші Қалдаяқов
ауылы әкімінің
2025 жылғы 23 қазандағы № 19
шешіміне қосымша

Шәмші Қалдаяқов ауылы

      № 1 Әбілқайыр хан көшесі

      № 2 Абай көшесі

      № 3 Абылай хан көшесі

      № 4 Н. Орынбасаров көшесі

      № 5 М. Казкеев көшесі

      № 6 Жездібай батыр көшесі

      № 7 Ө. Канахин көшесі

      № 8 Ш. Уалиханов көшесі

      № 9 Д. Беркімбаев көшесі

      № 10 Т. Ахтанов көшесі

      № 11 Қ. Жұбанов көшесі

      № 12 Н. Құмарова көшесі

      № 13 Балықшылар көшесі

      № 14 Ғарыш көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады