Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 189 "Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4012 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Қызбергенов |
| Ырғыз ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсан № 281 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген |
|
| Ырғыз ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыз № 189 қаулысына қосымша |
Ырғыз ауданы бойынша кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
р/с | Ауылдық округтердің атауы | Елдi мекен атауы | Үгiттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар |
1 | Ырғыз ауылдық округі | Ырғыз | "Ырғыз аудандық почта байланыс торабы" АҚ ғимаратының алдындағы – тақта, Ыбырай Алтынсарин № 12 |
2 | Ырғыз ауылдық округі | Ырғыз | "Мария" дүкені жанындағы – тақта, Темірбек Жургенов көшесі № 73 |
3 | Ырғыз ауылдық округі | Ырғыз | "Хабиба" дүкені жанындағы – тақта, Арал көшесі № 7 |
4 | Ырғыз ауылдық округі | Ақши | Ақши ауылдық клуб ғимаратының жанындағы – тақта, Жолболсын Шайқақов көшесі № 17 |
5 | Ырғыз ауылдық округі | Қалыбай | "Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қалыбай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы - тақта, Мейірхан Жүсіпов көшесі № 1 |
6 | Аманкөл ауылдық округі | Құтикөл | Құтикөл ауылдық клуб ғимаратының алдындағы – тақта, Нұртияқ Жаманшин көшесі № 30 |
7 | Аманкөл ауылдық округі | Аманкөл | Аманкөл ауылдық клуб ғимаратының алдындағы – тақта, Тел Жаманмұрынов көшесі № 12 |
8 | Аманкөл ауылдық округі | Жарма | "Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нарқызыл негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы – тақта, Нұртияқ Жаманшин көшесі № 20 |
9 | Қызылжар ауылдық округі | Құрылыс | Қызылжар дәрігерлік амбулаториясының ғимаратының алдындағы – тақта, Лайық Шоқпаров көшесі № 6 |
10 | Қызылжар ауылдық округі | Шеңбертал | "Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шаттық" бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдындағы – тақта, Астананың 10 жылдығы көшесі № 1 |
11 | Қызылжар ауылдық округі | Жаныс би | "Тепсең" медициналық пунктінің ғимаратының алдындағы – тақта, Достық көшесі № 41 |
12 | Құмтоғай ауылдық округі | Құмтоғай | Құмтоғай дәрігерлік амбулаториясының ғимаратының алдындағы – тақта, Өтеу Құдайбергенов көшесі № 1 |
13 | Құмтоғай ауылдық округі | Қарасай | Қарасай фельдшерлік амбулаториялық пункт ғимаратының алдындағы – тақта, Дауренбек Сарин көшесі № 9А |
14 | Құмтоғай ауылдық округі | Қарақұдық | Қарақұдық фельдшерлік пункт ғимаратының алдындағы – тақта, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі № 12 |
15 | Нұра ауылдық округі | Нұра | "Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Т. Жүргенов атындағы жалпы білім беру орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы – тақта, Ыбырай Достаев көшесі № 4 |
16 | Нұра ауылдық округі | Мамыр | Мамыр ауылдық клуб ғимаратының алдындағы – тақта, Әбу бақсы көшесі № 32 |
17 | Нұра ауылдық округі | Белшер | Белшер ауылдық клуб ғимаратының алдындағы – тақта, Серік Сатанов көшесі № 19 |
18 | Нұра ауылдық округі | Дүкен | "Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дүкен негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы – тақта, Күркебай Рспанбетов көшесі № 16 |
19 | Тәуіп ауылдық округі | Құйлыс | "Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құйлыс жалпы білім беру орта мектебі ғимаратының алдындағы – тақта, Өтебай Қанахин көшесі № 25 |
20 | Жайсаңбай ауылдық округі | Жайсаңбай | Жайсаңбай медициналық пункт ғимаратының жанындағы – тақта, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл көшесі № 3 |