Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 206 "Ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 158903 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ырғыз ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Қызбергенов |