"Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына сәйкес және Жамбыл облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңа жол ауылының Тәңірберген Тәжіұлы 1-бұрылысын Домалақ ана көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Округ әкімі | Д. Алипбаев |
