ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы ставкасының мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы | А. Даржанова |
