БҰЙЫРАМЫН:
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы туралы ережеде:
14-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) Ұлттық ұланның әскери қызметшілермен жасақталуын және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастыру және өткізу;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскерлерді әскери қызметшілермен жасақтау, олардың запасқа шығарылуын ұйымдастыру жоспарларын бекітеді;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің әскери қызмет өткеру, әскери қызметшілерді ротациялау мәселелерін шешеді, лауазымдарға тағайындайды, лауазымдардан босатады, подполковникті қоса алғанға дейінгі және атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бір саты жоғары кезекті әскери атақтарды, оның ішінде мерзімінен бұрын береді, Ішкі істер министріне офицерлік құрамның әскери атақтарын төмендету бойынша ұсынымдар енгізеді, подполковникті қоса алғанға дейінгілерді запасқа немесе отставкаға шығарады;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті туралы ережеде:
19-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) өзінің құзыреті шегінде және заңнамада белгіленген тәртіпте қызметкерлерді көтермелейді және тәртіптік жазалар салады, сондай-ақ көтермелеу, тәртіптік жазалар салу, материалдық көмек көрсету туралы ұсыныстар енгізеді;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының Полиция департаменті туралы ережеде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 95) тармақшамен толықтырылсын:
"95) Түркістан қаласының аумағында азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын келісуді жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті және Ақпараттандыру және байланыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Саденов |