Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6330 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 39-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Сүйінтаева |
| Облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 279 шешіміне қосымша |
|
| Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 шешіміне қосымша |
Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып тұрғынжайды меншігіне сатып алу немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығын іске асыру үшін Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде айқындалсын.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:
1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында айқындалған адамдардың санаттары;
2) "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 тіркелген) бұйрығына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарын болжау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы сұранысқа ие мамандар;
3) жұмыс кәсіптерінің болжамды тізбесіне кіретін адамдар: сантехниктер, жүк көлігінің жүргізушілері, тракторшылар, техник-электриктер (жалпы бейін), электриктер және электр монтажшылар, электр беру желілерінен басқа, автобус жүргізушілері, фельдшерлер.
