"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 252 қаулысымен бекітілген |
Ақтөбе облысында халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері
№ | Өңір | 1 мың адамға шаққанда шаршы метр |
1 | Ақтөбе облысы | 572,8 |
