"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан Ақтөбе облысының Мұғалжар және Темір аудандары аумағындағы жергілікті маңызы бар "Көкжиде-Құмжарған" мемлекеттік табиғи кешенді қаумалының (бұдан әрі – Қаумал) аумағы 30 254 (отыз мың екі жүз елу төрт) гектарға кеңейтілсін.
2. Қаумал аумағының жалпы ауданы 74 082 (жетпіс төрт мың сексен екі) гектар болып белгіленсін.
3. Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитеті |
