"Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (қосымша білім беруге шығармашылық және спорттық, білім беру тапсырыстары) бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 126 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 191 қаулысы

      Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (қосымша білім беруге шығармашылық және спорттық, білім беру тапсырыстары) бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 126 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. "Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі шығармашылық тапсырысты, "Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі спорттық тапсырысты, "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі қосымша білім беруге арналған білім беру тапсырысты жүзеге асыру барысында балалардың қатысым табелін қабылдау және растау, қызмет көрсетушілердің тізбесіне енгізу үшін өтініштерді қабылдау және алгоритм талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізу, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің тізбесін қалыптастыру, қызмет берушілердің тізбесіне енгізілген ұйымдарға жоспарлы мониторинг (жылына 4 реттен артық емес) жүргізу бойынша тиісті шараларды қабылдасын.".

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады