Ақтөбе облысы бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 178 қаулысы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағы 8) тармақшасына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2025 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 178 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы бойынша жергілікті бюджет есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және сыныпталуы

Жоғары білім берудің даярлау бағытының коды және атауы

2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі

Оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (теңге)

ерекше мәртебесі бар жоғары білім беру ұйымдары

басқа жоғары білім беру ұйымдары

1

Бакалавр
6B01 Педагогикалық ғылымдар

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

12

1 139 200

1 008 100

6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

4

1 139 200

1 008 100

2

Бакалавр
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6В021 Өнер

15

1 209 300

1 055 900

3

Бакалавр
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6B071 Инженерия және инженерлік іс

4

905 800

803 900

6B073 Сәулет және құрылыс

2

905 800

803 900

4

Бакалавр
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6В084 Балық шаруашылығы

1

933 600

831 800

 
5

Бакалавр
6B09 Ветеринария

6B091 Ветеринария

2

1 242 600

1 089 300


Барлығы:


40

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады