"Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 281 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 шілдедегі № 134 қаулысы

      Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 281 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24079 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2025 жылғы 18 шілдедегі
№ 134 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ 281 қаулысына қосымша

Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

№ р/с

Ауылшаруашылық өнім атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі (теңге/литр, теңге/кг)

1

2

3

4

1

Сүт

Сары май

107,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады