"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 963 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi туралы ережеде:

      Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      2-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін;

      2) Ережедегі өзгерісті уәкілетті әділет органдарында тіркеу бойынша шаралар қабылдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiң төрағасы А.С.Қайырбековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр полиция генерал-лейтенанты Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады