Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 25 шiлдедегi № 548 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы  1 және 9-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің нысанды киімінің және арнайы мүліктерінің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 940 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 971 бұйрығының;

      2) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерін жиһазбен, керек-жарақпен, қағазбен, мүкәммалмен, жабдықпен, спорттық және шаруашылық мүлікпен жабықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 25 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1021 бұйрығының;

      3) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің нысанды киімінің және арнайы мүліктерінің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 940 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1034 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты ресми жарияланған соң Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрыққа қол қойғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның электрондық түрдегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-лейтенанты
Е. Саденов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      ________________

      2025 жылғы "__" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады