"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 399 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы туралы ережеде:

      14-тармақың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Ұлттық ұланның әскери қызметшілермен жасақталуын және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастыру және өткізу;";

      19-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскерлерді әскери қызметшілермен жасақтау, олардың запасқа шығарылуын ұйымдастыру жоспарларын бекітеді;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің әскери қызмет өткеру, әскери қызметшілерді ротациялау мәселелерін шешеді, лауазымдарға тағайындайды, лауазымдардан босатады, подполковникті қоса алғанға дейінгі және атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бір саты жоғары кезекті әскери атақтарды, оның ішінде мерзімінен бұрын береді, Ішкі істер министріне офицерлік құрамның әскери атақтарын төмендету бойынша ұсынымдар енгізеді, подполковникті қоса алғанға дейінгілерді запасқа немесе отставкаға шығарады;".

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 95) тармақшамен толықтырылсын:

      "95) Түркістан қаласының аумағында азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын келісуді жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы және Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен::

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдау.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты
Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады