"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 27-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындысының негізінде, Ақтөбе қаласының тиісті аумақтарындағы халықтың пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қаласының мына құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) "Алматы" ауданы бойынша:
Безымянный Тупик көшесі – Ерулік көшесі;
Телефонный көшесі – Қосалқа көшесі;
Песочный көшесі – Қарақұм көшесі;
Короткий тұйық көшесі – Қаратас көшесі;
Тополинный көшесі – Сағыз көшесі;
Заречный көшесі – Талас көшесі;
Клубный көшесі – Торғай көшесі;
Береговой көшесі – Қаратал көшесі;
Орский көшесі – Қорғалжын көшесі;
Мичурин көшесі – Ақшоқы көшесі;
Рентгензаводской көшесі – Манысай көшесі;
Дальний тұйық көшесі – Наурызым тұйық көшесі;
Элеваторский тұйық көшесі – Шырайлы тұйық көшесі;
Южный көшесі – Өрнек тұйық көшесі;
2) "Астана" ауданы бойынша:
Овражный көшесі – Арна көшесі;
Луговой көшесі – Майбұлақ көшесі;
Железнодорожный көшесі – Ақдала көшесі;
Автотранспортный тұйық көшесі – Кеген тұйық көшесі;
Алмазный тұйық көшесі – Шынарым тұйық көшесі;
Казанский тұйық көшесі – Тұмар тұйық көшесі;
Литейный тұйық көшесі – Ақдидар тұйық көшесі;
Театральный тұйық көшесі – Баянтау тұйық көшесі;
Транспортный тұйық көшесі – Арғымақ тұйық көшесі;
Ярославский тұйық көшесі – Көктал тұйық көшесі.
2. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Суентаева |
