"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2025 жылғы 14 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылдық округі Қызылжар ауылының:
1) №5 көшесіне- Сағынтай Қалиманов есімі берілсін
2) №7 көшесіне - Біләл Мұқашев есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қабанбай батыр ауылдық округі әкімінің м.а. | Ж.Сембаева |
