Қоғамдық көлікті (таксиден басқа) Сандықтау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № А-7/191 бірлескен қаулысы және Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 23/4 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Сандықтау ауданы азаматтарының келесі санаттарына тегін жолақы түрінде жеңілдік белгіленсін:

      жасына байланысты зейнеткерлерге.

      2. Қаржыландыру көзі болып Сандықтау ауданының бюджеті анықталсын.

      3. Осы бірлескен Сандықтау ауданы әкімдігінің қаулысы және Сандықтау аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі С.Құдабай
      Сандықтау аудандық мәслихатының төрағасы Г.Мустафина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады